Рим папасы Франциск қиратылған Мосул мен Эрбиль қалаларын аралады
Нау 08, 2021 18:16 Asia/Almaty
Әлем католиктерінің жетекшісі Рим папасы Иракқа алғашқы тарихи сапарында жікке бөлінушіліктен зардап шеккендерге жанашырлық білдіріп, қаза болғандарға дұға оқу үшін Ирактың солтүстігіндегі Мосул қаласына барды. 84 жастағы Рим папасы тұрғын үйлер мен шіркеулердің қирандыларын көрді. 2014-2017 жылдары бұл көне қала ДАИШ лаңкестік тобының қол астында болды.