Рухани: Иран Ислам ынтымақтастық ұйымымен әріптестігін жалғастырады
(last modified Sun, 17 Apr 2016 07:53:30 GMT )
Сәу 17, 2016 13:53 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран Ислам ынтымақтастық ұйымымен әріптестігін жалғастырады

Иран Ислам Республикасының президенті: «Ислам ынтымақтастық ұйымы өз мүдделеріне берік болса, Иран аталмыш ұйыммен әріптестігін жалғастырады» деді.

Иранның «Хабар» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен Анкарадағы кездесуінде: «Ислам ынтымақтастық ұйымының басты мақсаты мұсылман қауымдастығы бірлігін нығайту және Палестинаның арманын қорғау болып табылады» деп мәлімдеді.

Иран үкіметінің басшысы Йемен мен Ирактағы алаңдатарлық жағдайларға тоқталып: «Тұрақты жағдай орныққанға дейін бұл елдердің халқына көмек көрсету керек. Себебі бұл бәріміз үшін пайдалы болмақ. Осы мәселеге байланысты ешқандай келіспеушілік жоқ. Бұл елдердің шекараларының сақталуы қажеттігін барлығы баса айтуда. Қантөгіс пен соғысты тоқтатып, терроризммен күресу керек» деді.

Сонымен қатар Түркия президенті бұл кездесуде: «Иран мен Түркия аталмыш аймақта, әсіресе Сирия мен Ирактағы қантөгістің алдын алу үшін бірлесе күш салуы қажет. Иран мен Түркия арасында кейбір аймақтық мәселелерге байланысты келіспеушіліктердің бар екені ақиқат. Алайда қантөгісті тоқтату және оған тыйым салуға байланысты екі тарап бір көзқарасты колдап отыр. Бұл екі ел үшін қуантарлық жайт» деп қуаттады.