Сейед Хасан Насролла: АҚШ - ДАИШ-ті құрушы және қолдаушы
Нау 19, 2021 17:03 Asia/Almaty
Ливан Хизболласының бас хатшысы бейсенбі кешке сөйлеген сөзінде: «Жаңа құжаттар АҚШ-тың барлау және қауіпсіздік қызметтерінің Ирак түрмелерінен ДАИШ лаңкестік тобының жетекшілерін тарту мен оларды босатудағы рөлін әшкерелейді»,- деп мәлімдеді.
Сейед Хасан Насролла «АҚШ-ты ДАИШ-ті құрушы және қолдаушы» деп атап: «АҚШ барлау агенттігі халықтар мен әскерлерді ыдырату үшін террористік топтарды басқарады және қолдайды»,- деді. Сейед Хасан Насролла сөзінің жалғасында Ливанда туындаған қиындықтар мен дағдарыстарға тоқталып: «Ливанның негізгі проблемалары АҚШ-қа байланысты»,- деді.