Батыс жағалауда Ливан Хезболласын қолдаған шеру өтті
Иордан өзенінің батыс жағалауында тұратын палестиналықтар Ливан Хезболласы мен қарсыласу қозғалысын қолдаған шеру өткізді.
«Фарс» ақпарат агенттігінің сионистік Yedioth Ahronoth газетіне сілтеме жасап хабарлауынша, Иордан өзені батыс жағалауының тұрғындары, соның ішінде палестиналықтар мен жаулап алынған Голан жоталарының друздері Ливан Хезболласы мен қарсыласу күштеріне қолдау көрсету үшін Рамалладағы Кәфар Нәме қаласында шеру өткізді.
Осы шеруге қатысушылар сондай- ақ Ливан Хезболласының лаңкестермен шайқасу үшін Сирияда рөл атқаруына алғыс білдіріп, араб елдерінің Хезболланы лаңкестік топ деп атаған қастық шарасын айыптады.
Палестинаны азат ету майданы мүшелерінің бірі Омар Шаһада қарсыласу күштері мен Ливан Хезболласының шешімдеріне демеушілік жасауды қуаттап: «Басқыншылықты тоқтату және Бейт әл-Мұқаддас астанасы болатын Палестина елінің негізін құру үшін палестиналық күрескерлер күресті ұрпақтан ұрпаққа жалғастырады» деді.
Палестина автономиялы құрылымының төрағасы Махмуд Аббас Палестинаны азат ету майданының Ливан Хезболласын қолдап, шеру өткізудегі бұрын-соңды болмаған шарасына көрсеткен реакциясында палестиналық ұйымдардың осы топқа және «Фатх» қозғалысына қатысты қаржы операцияларының жолдарын бөгеп тастады.