Түркия Ирактың солтүстігінде жаңа әскери базалар ашуға талпынуда
https://itolqyn.com/news/west_asia-i52284-Түркия_Ирактың_солтүстігінде_жаңа_әскери_базалар_ашуға_талпынуда
Түркия үкіметі аймақтағы авантюристік талпыныстарын жалғастырып, Ирактың солтүстігінде жаңа әскери базалар ашу туралы сөз қозғады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 02, 2021 17:36 Asia/Almaty

Түркия үкіметі аймақтағы авантюристік талпыныстарын жалғастырып, Ирактың солтүстігінде жаңа әскери базалар ашу туралы сөз қозғады.

Түркияның Ішкі істер министрі Сулейман Сойлу осы елдің Ирактың солтүстігінде жаңа әскери базалар ашуға ниеттеніп отырғанын мәлімдеді. Сулейман Сойлу Сирия жеріндегі Түркия әскери базаларына тоқталып: «Анкара Сириядағы сияқты базарларды Иракта да ашып, өзінің шекарасы маңындағы жағдайды бақылауға алуды көздеп отыр»,-деп еске салды.

Өткен бірнеше жылда Анкара үкіметі Түркиядағы Күрдістан жұмысшылар партиясының содырларымен күресу сылтауымен осы ел әскерін Ирак жеріне, әсіресе солтүстік аудандарға шабуыл жасауға міндеттеді. Түркия армиясы Ирактың солтүстігіндегі Күрдістан жұмысшылар партиясының позицияларына шабуылдарды жалғастырып жатыр. Ал Бағдад үкіметі мен Ирак халқы әрдайым бұл шабуылдарды айыптап, оны Ирактың егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзу деп атап келеді. Түркия армиясының Ирактың солтүстігіне жаңа шабуылдары Бағдад үкіметі мен саяси тұлғаларының ауқымды наразылығымен қоса, халықтың ашу-ызасын тудырды. Осы салада Ирак Президенті Бархам Салех мәлімдеме таратып, Түркия әскерінің шабуылдарын Ирактың егемендігі мен тату көршілестік принципін ашық түрде бұзу деп атап, Анкарадан мұндай амалдарды тоқтатуды талап етті.

Ирак Президентінің мәлімдемесінде айтылғандай, Түркияның қазіргі қиындығы тараптардың әріптестігі мен үйлестігі арқылы шешілуі керек. Бағдад үкіметі Түркия әскерінің соңғы амалдарына қатты наразылық білдірді. Бір аптадан аз уақыттың ішінде Түркияның Ирактағы елшісі екі рет осы елдің СІМ-не шақыртылды.

Сондай-ақ Ирак депутаттары ортақ мәлімдеме жасап, осы елдің Ішкі істер министрі Мұстафа әл-Каземиден Түркияның Ирактың солтүстігіне шабуылына жауап беруді және Анкарамен сауда және дипломатиялық қарым-қатынасты тоқтатуды талап етті.

Ресми наразылықтар мен өтініштерге қарамастан, Ирактың Ішкі істер министрі Мұстафа әл-Каземи осы уақытқа дейін осы шабуылдарға айқын ұстаным білдірмеді. Бұл бір жағынан Ирак Парламенті мен кейбір ағымдардың наразылығын тудырса, екінші жағынан кейбір сарапшылардың «Түркия шабуылы Бағдадтың кейбір шенділерінің жасырын қолдауымен жүзеге асырылды» деген нәтиже шығаруына себеп болды. Осыған қатысты «Әл-Хакаме» ағымының басшысы Оман Хаким Түркия әскерінің Ирактың солтүстігіне жуырдағы шабуылына реакциясында Твиттердегі жеке парақшасында: «Ирактықтар бірнеше онжылдық бойы Ирактың тұтастығын, халықтың егемендігін сақтау үшін жанпидалықпен күресті. Біз кез келген елдің Ирактың аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған талпынысын айыптаймыз. Бағдад үкіметі көршілес елдер, соның ішінде Түркияның Ирактың ұлттық егемендігіне құрметпен қарауы үшін тиісті шаралар қолдануы керек»,-деп жазды.

Осындай жағдайда Ирак халқы, түрлі партиялар басшылары мен Парламент өкілдерінің Бағдад үкіметінен талап еткеніне қарамастан, Ирак басшылары, әсіресе Премьер-министрінің осы талаптарға көңіл аудармауы немесе Анкара үкіметімен жасырын келісімге келуі Түркияның Ирактың солтүстігінде әскер орналастыруына жағдай жасай түскен сияқты. Сол себепті Түркия басшылары көптеген әскери база ашу арқылы Ирак жеріндегі әскерін нығайтуды көздеп отыр.