Дохада өткен мұнай отырысы нәтижесіз аяқталды
(last modified Mon, 18 Apr 2016 08:12:33 GMT )
Сәу 18, 2016 14:12 Asia/Almaty
  • Дохада өткен мұнай отырысы нәтижесіз аяқталды

Қатардың астанасы Дохада өткен мұнай өндіруші елдердің отырысы нәтижесіз аяқталды.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, кейбір ақпарат құралдары жексенбі күні кешке «Иран мұнай бағасын анықтау мақсатында өткен отырысқа қатысқан жоқ. Келісімге келмеудің негізгі себебі Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы қайшылықтар болды» деген хабар таратты.

Рейтер ақпарат агенттігі: «ОПЕК-тің ең үлкен мұнай өндірушісі Сауд Арабиясы Доха отырысына қатысушыларға мұнай өндіруші барлық елдердің, соның ішінде Иранның мұнай өндірісінің мөлшеріне табанды болуды сұрады»,- деп мәлімдеді.

Иран мұнай нарығындағы өзіне қарсы санкция салудан бұрынғы үлесіне жеткенге дейін мұнай өндірісі мөлшерін қысқартпайды және бұл мөлшерді белгілейтін ешбір құжатқа қол қоймайтынын қуаттады.

Мамандардың болжамдары бойынша Доха отырысының нәтижесіз аяқталуы өткен бірнеше айдағы мұнай бағасының салыстырмалы түрдегі тұрақтылығына қатер тудырып, мұнай бағасының төмендеуіне соқтыруы мүмкін.