Йемендік тұтқындар Сауд Арабиясынан қайтарылды
Йеменнің Ансаролла қозғалысының ақпарат хатшысы бірқатар йемендік тұтқынның Сауд Арабиясынан қайтарылуы туралы хабарлады.
Йеменнің Al Masirah ақпарат арнасының дүйсенбі күнгі мәліметі бойынша, Йеменнің Ансаролла қозғалысының ақпарат хатшысы Мұхаммад Әбд әс-Салам: «Йеменнің Ансаролла қозғалысы мен Сауд Арабиясының наурыз айындағы келісімі бойынша 30 йемендік тұтқын Сауд Арабиясынан отанына оралды»,- деп мәлімдеді. Йеменнен түкен келесі хабар бойынша келісімге қатысушы жергілікті топ БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі арнайы елшісінен Кувейт келіссөздері үшін уақыт белгілеуді талап етіп: «Йемендегі келіссөздерді жалғастыру үшін саудиялық коалицияның Йеменге қарсы әуе шабуылдарын тоқтату қажет»,- деп қуаттады.
Йеменнің бейбіт келіссөздері бүгін 18-ші сәуір күні Кувейтте басталады.