Йемен армиясы Сауд Арабиясының қылмыстарына жауап қайтарды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i532
Йемен армиясы Сауд Арабиясының шекаралық аймақтарын зымыранмен нысанаға алды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 09, 2016 22:25 Asia/Almaty
  • Йемен армиясы Сауд Арабиясының қылмыстарына жауап қайтарды

Йемен армиясы Сауд Арабиясының шекаралық аймақтарын зымыранмен нысанаға алды.

Ливанның «Almayadeen» телеарнасының сейсенбі күнгі мәлімдеуі бойынша, Йемен армиясы мен халықтық күштері Сауд әулетінің осы елде жасаған қылмыстарының қарымтасы ретінде Джизан әуежайы мен Сауд Арабиясының Асир мен Наджран аймақтарындағы (Сауд Арабиясы мен Йеменнің шекарасы) әскери базасын баллистикалық зымыранмен нысанаға алып, оларға көптеген шығын келтірді.

Йемен армиясы сондай-ақ саудиялық шапқыншылардың Асир қаласының «әр-Рабуе» аймағындағы бекіністерін өз бақылауына алып, бір топ арабстандық әскеридің көзін жойды.

Йемен армиясы мен халықтық күштері дүйсенбі күні кешке де Сауд Арабиясының оңтүстігі Джизанның «Маған» аймағында Сауд Арабиясының бекіністеріне шабуыл жасап, жеті саудиялық әскериді өлтіріп, олардың ондаған құрал-жабдықтарының көзін жойды.

Сауд Арабиясының қырғи ұшақтары да Йеменнің түрлі аймақтарына, соның ішінде ел астанасы Санаға шабуыл жасап, ондаған бейбіт азаматты өлтірді.

Сауд Арабиясының Йеменге 11 ай жасаған шабуылдарынан 8000-нан астам адам қазаға ұшырап, мыңдаған кісі жараланып, миллиондаған адам босқынға айналды.