Сионистік әскерилер бір палестиналықты шәһид етті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i54986
Ақпарат көздері Рамаллада сионистік әскерилердің оғынан бір палестиналықтың шәһид болғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 02, 2021 23:29 Asia/Almaty
  • Сионистік әскерилер бір палестиналықты шәһид етті

Ақпарат көздері Рамаллада сионистік әскерилердің оғынан бір палестиналықтың шәһид болғанын хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Палестина ақпарат құралдарына сілтеме жасап  хабарлауынша, бейсенбі күні 39 жастағы Юсеф Джадалла Рамалланың батысында орналасқан Бейт Ур қалашығындағы үйіне қайтып бара жатқан жолда бақылау-өткізу бекетінде сионистік әскерилердің оғынан қаза тапты.

Басқыншы режимнің айтуынша, бұл палестиналық осы бекетке шабуыл жасауды көздеді деп күдікке алынды, бірақ кейін оның тек үйіне қайтып бара жатқаны анықталды.