Иордан өзенінің батыс жағалауында бір сионист қаза тапты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i57524
Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан Наблустың солтүстік-батысында болған атыс салдарынан сионист қалашығының тұрғыны қаза тапты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 17, 2021 18:56 Asia/Almaty
  • Иордан өзенінің батыс жағалауында бір сионист қаза тапты

Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан Наблустың солтүстік-батысында болған атыс салдарынан сионист қалашығының тұрғыны қаза тапты.

Al-Minar ақпарат арнасының бейсенбі күні кешке хабарлауынша, Наблус пен Джанин бағытындағы Хомеш қалашығына жақын жерде бір автокөліктің ішінде болған атыстан бір сионист тұрғын қаза тауып, екі адам жарақат алды.

Палестинаның MAA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік әскерилер осы оқиғадан кейін аталмыш көлікті іздестіре бастады.