Ирак Парламенті Сауд Арабиясына ескерту жасады
Ирак Парламентінің қауіпсіздік және қорғаныс комиссиясы Сауд Арабиясының қарулы күштеріне Ирак шекараларына таяу жерде жаттығулар өткізуіне қатысты ескерту жасады.
Ирак Парламентінің қауіпсіздік және қорғаныс комиссиясы Сауд Арабиясына ескерту жасап, СІМ мен Қорғаныс министерлігінен осы жаттығуларды өткізуге қатысты өздерінің тұрғысын жариялауды сұрады. Ирак Парламентінің қауіпсіздік және қорғаныс комиссиясы мүшелерінің бірі Аднан әл- Асади Сауд Арабиясының осы ел армиясының жаттығуларын Ирак шекараларына таяу жердегі Һафр әл-Батен аймағында өткізу шарасын сынап: «Сауд Арабиясының Сирияға құрлық күшін аттандыруды қалауы осы елдің лаңкестік топтарды, әсіресе ИСИМ лаңкестік тобын қолдап отырғанын айқындайды» деді.
Әл- Асади сондай- ақ аймақтағы кейбір елдердің Иракта қол жеткізілген жеңістерді сәтсіздікке ұшыратуға тырысуына қатысты ескерту жасады.