Арабстандық шиіт белсендіні өлім жазасына беру үкімі расталды
Сәу 23, 2016 19:49 Asia/Almaty
Сауд Арабиясында адам құқығы бұзылуының жалғасында Сауд әулеті режимінің сот мекемесі арабстандық шиіт белсендіні өлім жазасына беру үкімін растады.
Сауд Арабиясының шығысында орналасқан «әл- Авамие» аймағының тұрғыны Әли Юсуф Әли әл- Машихас 2014 жылы 26- шы қаңтарда құрықталды. Жуықта сот мекемесі осы арабстандық белсендіні өлім жазасына беру үкімін растап, оны ІІМ- не ұсынды.
Адам құқығын қорғаушы ұйымдар Сауд Арабиясында осы елдің азаматтарына қарсы адам құқығының бұзылуы мен сот мекемелерінің үкімі туралы сан рет ескерту жасаған болатын.
Тегтер