Сионистік режим Газаға шабуыл жасады
Сәу 21, 2022 17:02 Asia/Almaty
Сионистік режимнің ұшақтары кеше кешке Газаның кейбір аудандарын бомбалады.
Хамас қозғалысы сионистік режимнің ұшақтарына төтеп беру үшін екінші рет жерден әуеге атылатын зымырандар атты. Бұл зымырандар Хамас қозғалысының әскери қуатының жаңа деңгейі деп сипатталды.
Сионистік ақпарат көздерінің хабарлауынша, кеше кешке және бүгін таңертең Газадан екі рет зымырандар атылып, басып алынған жерлердегі бірнеше ауданды нысанаға алды. Сионистік режимнің "темір күмбез" жүйесі іске қосылып, Седирот сионистік қалашығында қатер дабылы қағылды.
Хамас қозғалысы баспасөз хатшысы: "Израильдің Газаға шабуылы халықтың басқыншыларға қарсы тұруға деген табандылығын арттыра түседі",-деп мәлімдеді.
Тегтер