Канани Чафи: Сионистік режимнің қатыгездігі осы апартеид режимнің тағдырын өзгертуге әсер етпейді
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Сионистік режимнің қатыгездігі осы апартеид режимнің тағдырын өзгертуге әсер етпейді»,-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани Чафи бейсенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында: «Сәрсенбі күні сионистік армияның бульдозерлері Ариханың шығысында палестиналықтардың 6 үйін қиратты. Бұл – басқыншылардың бұзу, оқ ату, өлтіру, қатыгездік жасау, басып жаншу, тіпті балаларды тұтқындау, егіс алқаптарын жою және ағаштарды кесу сияқты күнделікті істерінің бір мысалы»,-деп жазды.
Канани Чафи: «АҚШ-тың қалтқысыз қолдауы аясында жасалып жатқан осындай айуандықтар апартеид режимнің тағдырын өзгертуге әсер етпейді»,-деді.
Сионистік әскерилер дүйсенбі күні Иордан өзенінің батыс жағалауындағы әл-Халилдің оңтүстігінде палестиналықтардың 3 үйін қиратты.