Исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы: Сионистер жан-жақтан қоршауға алынды
Исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы: "Ислам революциясы жетекшісінің жолнұсқауларының арқасында израильдіктер бүгінде ИИР күш-қуатының әсерімен жан-жақтан қоршауға алынды",-деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Зияд Нахала сәрсенбі күні Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Велаятимен кездесуінде Палестина халқының арман-мақсаттарын қолдаудағы Ислам революциясы жетекшісінің жолнұсқауларына алғыс айтып: "Иран бұрыннан да мықты әрі қуатты елге айналды. Қарсыласу қозғалысы да бүгінде басқа кезден әлдеқайда берік әрі айбынды",-деді.
Велаяти Йемен, Ирак, Сирия, Ауғанстан мен Түркиядағы жағдайды сараптай келіп, көршілес елдер басшыларының Иранға сапарын осы елдің аймақтағы айбынының белгісі деп атады.