Иордан өзенінің батыс жағалауында шабуыл жасаған адам шәһид болды
Қаз 31, 2022 18:01 Asia/Almaty
Иордан өзенінің батыс жағалауында екі шабуыл жасап, бірнеше сионист әскериді зақымдаған Баркат Мұса Уда шәһид болды.
Ақпарат құралдары жексенбі күні кешке басып алынған Құдстың шығысында екі шабуыл болғанын хабарлады.
SAMA ақпарат агенттігінің дүйсенбі күні сионистік режим армиясының радиосына сілтеме жасап хабарлауынша, Құдстың шығысындағы әл-Айзира қалашығының 49 жастағы тұрғыны Баркат Мұса Уда сионистерге екі шабуыл жасады.
Бұл палестиналық Алмок сионистік қалашығына кіреберісте бірнеше сионисті көлікпен қағып кетті.
"Саберин Ньюс" телеграм каналы осы оқиғаларда алты сионист әскериі жараланғанын хабарлады.
Тегтер