Сионистік режим Газа секторының орталығын бомбалады
Қар 04, 2022 19:30 Asia/Almaty
Сионистік режимнің қырғи ұшақтары Газа секторының орталығында қарсыласу күштеріне тиесілі жерлерге 10-нан аса зымыран атты.
Катардың Al-Jazeera арнасының хабарлауынша, жұма күні таңертең сионистік режим қырғи ұшақтары Газа секторының орталығындағы әл-Мағази қосынын бомбалады.
Осы бомбалау салдарынан Газа секторының кейбір аудандарында электр қуаты сөніп қалды.
Израиль армиясының айтуынша, бұл шабуылдар Газа секторынан басып алынған жерлерге атылған зымыранға жауап ретінде жасалды.
Ал негізі сонистер Дженин қосынына шабуыл жасап, 2 палестиналық адамды шәһид етіп, төртеуін жаралағаннан кейін Газа секторынан басып алынған жерлерге зымыран атылған болатын.
Тегтер