Сауд режимі 8 шиіт жасөспірімді өлім жазасына кесті
Қар 06, 2022 17:41 Asia/Almaty
Сауд әулеті шиіттерді өлтіру тізбегін жалғастырып, осы жолы 8 шиіт жасөспірімді өлім жазасына кесу туралы үкім шығарды.
Fars ақпарат агенттігінің сенбі күні хабарлауынша, Сауд Арабиясының жастары мен жасөспірімдерін жөн-жосықсыз өлтіріп жатқан Сауд режимі осы жолы тағы 8 шиітті өлтіруді көздеп отыр.
Әлеуметтік желі белсенділерінің парақшаларында #өлтіруді_тоқтатыңыздар деген хэштег трендке айналды. Бұл хэштег Сауд әулетінің жуырда жасөспірімдерді өлтіретініне реакция ретінде таралды.