Reuters агенттігі палестиналық үздік журналистке берілген сыйлықты қайтарып алды
Қар 08, 2022 15:46 Asia/Almaty
Reuters агенттігі палестиналық үздік журналистке берілген сыйлықты қайтарып алды. Иордан өзенінің батыс жағалауында тұратын палестиналық Шази Хаммад ең үздік жергілікті журналист ретінде Томсон Рейтер сыйлығын алу үшін таңдалды, бірақ сионистік қауымдардың қысымына байланысты бұл сыйлық одан қайтарылды. Сионистер Шази Хаммадтың палестиналықтарды қолдайтын хабарларын антисемиттік деп санайды.