Сионистік режим басшысы парламенттік сайлау нәтижелерінің салдары туралы ескертті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i65416-Сионистік_режим_басшысы_парламенттік_сайлау_нәтижелерінің_салдары_туралы_ескертті
Сионистік режимнің басшысы Исаак Герцог осы режимнің жуырдағы парламенттік сайлауының нәтижелерінің салдары туралы ескерту жасап, Израильдегі саяси жағдайдың күрделене түскенін айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 09, 2022 20:54 Asia/Almaty
  • Сионистік режим басшысы  парламенттік сайлау нәтижелерінің салдары туралы ескертті

Сионистік режимнің басшысы Исаак Герцог осы режимнің жуырдағы парламенттік сайлауының нәтижелерінің салдары туралы ескерту жасап, Израильдегі саяси жағдайдың күрделене түскенін айтты.

Израильде соңғы үш жарым жылдағы бесінші кезектен тыс парламенттік сайлау 1 қарашада өтті. Жарияланған нәтижелерге сәйкес, Нетаньяху блогы 120 мүшелік Израиль парламентіндегі 64 орынға ие болды. Осы 64 орынның 14-і шектен шыққан оңшылдарға бөлінген. Нетаньяхуға министрлер кабинетін құру міндеті жүктелген және оның алдында екі жол бар. Бірінші жол – өзінің экстремистік одақтастарымен кабинет құрып, билікті бөлісу. Екінші жол – Нетаньяху экстремистердің кабинетке қатысуына қатысты алаңдаушылықты түсіне отырып, оңшыл қалыпты партиялар мен топтарды кабинетті құруға қатысуға және экстремистердің билікке қатысуына жол бермеуге көндіреді. Соңғы төрт сайлауда үстамдылардың Нетаньяху кабинетіне қатысуға келіспегінін ескерсек, Израильдің болашақ министрлер кабинетінде саяси тарихы көп емес шектен шыққан оңшылдардың болуын нақты санау керек сияқты. Шындығында, ұстамды қайраткерлердің қабылдамауына байланысты Нетаньяхудың кабинетін экстремалды оңшыл коалиция құрудан басқа таңдауы жоқ, ал экстремистер Нетаньяху үшін ойнайтын рөлге байланысты үлесті қалайды. Осы себепті басып алынған жерлерде алаңдаушылық күшейіп, көптеген тұлғалар бұл туралы ескертті. Бұрынғы сыртқы істер министрі Циппи Ливни мұны өлім деп атады. Сионистік режимнің бұрынғы ішкі қауіпсіздік министрі Авигдор Кахалани Израильдің бір ұрпақтан кейінгі тағдырынан қорқатынын және оның ішкі проблемалары оны құртатынын қуаттады. Сионистік режимнің қазіргі уақытша премьер-министрі Яир Лапид: «Бірнеше күндік парламенттік сайлаудан кейін Израиль екіге бөлініп, қайтадан ашулы болып оралды»,- деді. Қазіргі соғыс министрі Бенни Ганц: «Израиль бөліну мен экстремизмге қарай бет алды»,- деді. Сионистік режимнің басшысы Исаак Херцог та осы режимнің бұрынғы премьер-министрі Ицхак Рабиннің қайтыс болғанына 27 жыл толуына орай  сөзінде: «Израильдегі күрделі саяси жағдай бізге тарихи сынақпен бетпе-бет келіп отыр. Сайлау нәтижелері біздің екі топқа бөлінгенімізді және қазір жауапкершілік барлық саяси субъектілерге, әсіресе саяси билігі көбірек адамдарға жүктелетінін көрсетті»,- деді. Сонымен қатар, көптеген сауалнамалар израильдіктердің көбінің өздерінің болашағына алаңдаулы және оларды алаңдататын қиындықтардың көп екенін, сондай-ақ режимнің ішіндегі әлеуметтік бөлінудің осы алаңдаушылықтардың басында тұрғанын көрсетеді.