Газа секторының солтүстігінде өрт шықты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i65614
Палестина ақпарат құралдары бейсенбі күні кешке Газа секторының солтүстігінде шыққан өрт салдарынан 21 адам қаза тапқанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 18, 2022 20:38 Asia/Almaty
  • Газа секторының солтүстігінде өрт шықты

Палестина ақпарат құралдары бейсенбі күні кешке Газа секторының солтүстігінде шыққан өрт салдарынан 21 адам қаза тапқанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Палестинадағы бір аурухана 21 адамның қаза тапқанын растап: "Бұл оқиға Газа секторының солтүстігінде орналасқан Джебалия қосынындағы тұрғын үй кешенінде орын алды",-деді.

Палестина автономды құрылымының басшысы Махмуд Аббас Газада 21 палестиналық азаматтың қаза болғанына көңіл айтып, жұма күнін аза күні деп жариялады.

Палестинада осы оқиғада қаза тапқандардың құрметіне тулар жартылай түсірілді.