Йеменде Сауд Арабиясына қарсы шеру өтті
(last modified Sat, 30 Apr 2016 15:10:47 GMT )
Сәу 30, 2016 21:10 Asia/Almaty
  • Йеменде Сауд Арабиясына қарсы шеру өтті

Йемен азаматтары Сауд Арабиясы қылмыстарының жалғасуына наразылық білдіріп, шеруге шықты.

Йеменның «Саба» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Йеменнің Хиджжа қаласының тұрғындары жұма намазынан кейін ұрандар айтып, Йеменнің түрлі аймақтарына Сауд Арабиясы жасап жатқан шабуылдардың тоқтатылуын талап етті.

Йемен халқының Сауд әулетінің қылмыстарын айыптаған шеруімен орайлас Йеменнің астанасы Сана облысының Денсаулық және емдеу басқармасының бас директоры Халед әл- Монтасар өткен бір жылдың ішінде Саудия шапқыншыларының Санаға жасаған шабуылдарында 348- ден астам адамның, соның ішінде 53 баланың қаза тапқанын мәлімдеп:

«Сауд Арабиясының Йеменге жасаған шабуылдарынан 1550 адам, соның ішінде 123 бала мен 103 әйел жараланды» деді.

Сауд Арабиясы аймақтағы бірнеше араб елі және Американың сыбайластығымен 2015 жылдың наурыз айының 26-ы күні Йеменге қарсы жаппай шабуыл жасауға кірісті. Ондағы мақсаты осы елдің отставкадағы президенті Абд Раббе Мансур Хадиды билікке қайтару болып табылады.

Сауда Арабиясының Йеменге жасаған бір жылдық шабуылдарынан Йеменнің мыңдаған халқы қазаға ұшырап, ондаған мың адам босқындыққа ұшырап, осы елдің инфрақұрылымдары мен қызметтік және емдеу нысандарының 80 пайызы ойрандалды.