Сионистердің Иордан өзенінің батыс жағалауына жасаған шабуылында 11 палестиналық жарақат алды
Жел 06, 2022 18:16 Asia/Almaty
Сионистердің Иордан өзенінің батыс жағалауына жасаған шабуылында 11 палестиналық жарақат алды.
Палестина ақпарат орталығының хабарлауынша, Құдсты басып алушы күштері дүйсенбі күні түнде Наблустың оңтүстігіндегі Осрин қаласына шабуыл жасап, палестиналықтарға көп мөлшерде оқ пен көзден жас ағызатын газ қолданған. Палестина Қызыл Жарты Ай ұйымы Осрин қаласындағы қақтығыстарда осы уақытқа дейін 11 палестиналықтың жараланғанын хабарлады.
Сионистік режимнің басқыншы күштерінің Иордан өзенінің батыс жағалауының оңтүстігіндегі Бейт-Лахм қаласындағы әл-Дахише босқындар лагеріне жасаған шабуылында Омар Мана есімді палестиналық жас оқтан қаза тауып, кемінде алты палестиналық жараланды.