ХАМАС-тың құрылғанына 35 жыл, саясатпен бірге қарсылық
https://itolqyn.com/news/west_asia-i66218-ХАМАС_тың_құрылғанына_35_жыл_саясатпен_бірге_қарсылық
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) құрылғанына 35 жыл толды. Бұл қозғалысты 1987 жылы 14 желтоқсанда шейх Ахмед Ясин мен Газа секторындағы «Мұсылман бауырлар» қозғалысының бірқатар жетекшілері құрды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 15, 2022 10:15 Asia/Almaty
  • ХАМАС-тың құрылғанына 35 жыл, саясатпен бірге қарсылық

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) құрылғанына 35 жыл толды. Бұл қозғалысты 1987 жылы 14 желтоқсанда шейх Ахмед Ясин мен Газа секторындағы «Мұсылман бауырлар» қозғалысының бірқатар жетекшілері құрды.

ХАМАС палестиналық топтардың бірі болып табылады, ол құрылғаннан кейін осы елдің, сондай-ақ Батыс Азия аймағындағы оқиғалардың дамуында маңызды рөл атқарды. ХАМАС қарсыласуға да, саяси істерге қатысады. Бұл қозғалыс әл-Құдстың басқыншы режиміне қарсы күресте жетекші қозғалыстардың бірі болып табылады және ол әрқашан осы режим мен оның батыстық одақтастарының дұшпандығы мен қылмысының нысанасы және арабтардың ымыраға келу осі болды. ХАМАС-тың Палестинадағы және аймақтағы қарсыласуға ықпалы бұл қозғалыстың Батыс осьтері мен оның кейбір одақтастары тарапынан лаңкестік топ ретінде жіктелуіне себеп болды. Негезінде ХАМАС Израиль режимінің мемлекеттік лаңкестік әрекетінің құрбандарының бірі және оның көптеген жетекшілері мен мүшелері осы режимнің қолынан өлтіріліп, шәһид болды. ХАМАС-ты лаңкес деп атаудың себебі – олар бұл сылтаумен оны әлсіретіп, сионистік режимнің қылмыстарын қолдай алады. Сонымен қатар, араб елдерінде ХАМАС-қа қатысты консенсус жоқ. Сауд Арабиясы мен БАӘ сияқты елдер ХАМАС-пен қарым-қатынасы жоқ және онымен текетірестік көзқарас ұстанса, Катар сияқты елдер бұл палестиналық қозғалыспен жақсы қарым-қатынаста және оны қолдайды. Катардың ХАМАС-ты қолдауының себебі, оның «Мұсылман бауырлар» қозғалысына жақындығы және бауырластық тенденциялары бар. Сауд Арабиясы мен БАӘ және кейбір басқа араб елдерінің ХАМАС-пен қарсыласуының негізгі себептері оның Иран басқаратын қарсыласу осіндегі ұстанымымен, сионистік режиммен ымыраға келуге қарсылығы және эр-Риядтың аймақтық саясаттарына сәйкес келмеуіне байланысты. Осы себепті соңғы жылдары Сауд Арабиясында ХАМАС мүшелерінің көбі тұтқындалып, сотталды.

Тағы бір мәселе, ХАМАС әскери салада әрекет етіп, қарсыласуды күшейту үшін қадамдар жасап жатқанымен, Палестинадағы сайлау үдерісі мен саяси қатысуға да сенеді. Осыған байланысты ХАМАС 2005 жылы Палестина парламентінің сайлауына қатысып, парламенттің басым бөлігін өз қолына алып, тіпті министрлер кабинетін құрды. Бірақ Палестина автономиялық құрылымы көп ұзамай ХАМАС үкіметін қабылдаудан бас тартты. Сөйтіп Исмаил Ханиенің кабинеті 2007 жылы маусымда 15 айдан кейін ыдырады. 2005 жылғы сайлаудағы жеңіс ХАМАС-тың Палестинада кең қолдауға ие екенін дәлелдеді және осы себепті 2005 жылдан бері Палестинада бірде-бір сайлау өткен жоқ. Палестина автономиялық құрылымы сайлауды өткізу арқылы ХАМАС-тың жеңіске жетуіне және жаңа үкіметтің құрылуына осы қозғалыс арқылы негіз болады деп қауіптенеді.

ХАМАС-тың саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хание осы қозғалыстың құрылғанына 35 жыл толуына орай сөйлеген сөзінде: «ХАМАС қарсыласу мен саясат арасында байланыс орнатты. Саясат ешқашан қарсыласуға қарсы болған емес. Тіпті біз сайлауда жеңіске жетіп, үкіметті құрған кезде де  қарсылықты сақтап қалдық. ХАМАС үкіметінің аясында қарсыласу қозғалысы күннен-күнге күшейе түсті. Нәтижесінде Мұхаммад Зифтің қолбасшылығында Касам жасағы құрылды»,- деді.