Сионистік режимнің Дамаск аймақтарына жасаған шабуылында 5 адам жараланды
Жел 20, 2022 14:49 Asia/Almaty
Сириялық ақпарат көздері сионистік режимнің Дамасктің аймақтарына шабуыл жасағанын хабарлады.
Сирияның ресми ақпарат агенттігінің (SANA) хабарлауынша, Сирияның әскери қайраткері SANA агенттігіне сейсенбі күні таңертең израильдік дұшпан Тиберия көлінің солтүстік-шығысынан бірнеше зымыранмен Дамаск төңірегіндегі аймақтарды бомбалағанын айтты. Сирияның әуе шабуылына қарсы қорғанысы сионистік режимнің Дамаск аспанында әртүрлі нүктелерден атқылаған зымырандарының көпшілігіне тиімді тойтарыс беріп, жойды.