Ансаролла Сауд коалициясына қатаң ескерту жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i66564-Ансаролла_Сауд_коалициясына_қатаң_ескерту_жасады
Йеменнің Ұлттық құтқару үкіметінің келіссөздер тобының мүшесі Сауд Арабиясының басқыншы коалициясының Йемен халқына қарсы кез келген экономикалық әрекеттерінің салдары туралы ескертті
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 29, 2022 18:52 Asia/Almaty
  • Ансаролла  Сауд коалициясына қатаң ескерту жасады

Йеменнің Ұлттық құтқару үкіметінің келіссөздер тобының мүшесі Сауд Арабиясының басқыншы коалициясының Йемен халқына қарсы кез келген экономикалық әрекеттерінің салдары туралы ескертті

.

Сауд коалициясы осы елден миллиондаған баррель мұнай ұрлаумен қатар, Йеменге жанар-жағармай тасымалдайтын кемелердің  кіруіне кедергі жасау арқылы осы кедей және соғыстан зардап шеккен елде экономикалық дағдарыс тудырды. «Аллаһ Йемен» келіссөздер тобының мүшесі Абдулмалек әл-Аджри: «Сауд коалициясының кез келген экономикалық әрекетінің мағынасы жоқ және гуманитарлық және экономикалық істі шешудегі ілгерілеуге кедергі болады»,- деді.

Сауд Арабиясы АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері және тағы бірнеше елдің қолдауымен 2015 жылдың наурыз айынан бері Йеменге әскери шабуыл жасап, бұл елді құрлық, теңіз және әуеден қоршауға алды.