Ислам революциясы жетекшісінің Рамазан Абдолланы қабылдауында сөйлеген сөзі
Иран Ислам революциясының жетекшісі АҚШ басқарған Батыс майданының әрекеттерін ислам майданымен ауқымды түрде соғыс жүргізу арқылы аймақты жаулап алу деп атады.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жексенбі күні Палестинаның Исламдық жиһад қозғалысының Бас хатшысы Рамазан Абдолламен кездесуінде аймақтың қазіргі жағдайын жан-жақты сараптап: «Аймақта орын алып жатқан қазіргі кездегі ауқымды соғыс – осыдан 37 жыл бұрын Иранға қарсы басталған соғыстың жалғасы. Иранның Палестинаға қатысты ұстанымы тек бір кезеңдік болған жоқ. Келешекте де тұрақты қалады. Ислам революциясының жеңісіне дейін және күрес кезінде Палестинаны қолдау және сионистік режиммен қарсыласу қажеттілігі туралы мәселені имам Хомейни сан рет айтқан болатын. Ислам ревоюциясы жеңіске жеткен соң да Палестина халқын қолдау Иранның басты жұмыстарының қатарын құрады. Осыған орай Палестина мақсатын қорғау табиғи түрде ИИР-ның болмысында қалыптасты»,- деді.
Аятолла Хаменеи Ислам революциясын бағындыру немесе исламдық жүйені өз ұстанымынан артқа шегіндіру мақсатын көздеген әртүрлі саяси, үгіт-насихаттық, экономикалық, тіпті әскери қысымдарға тоқталып: «Қазіргі кезде аймақта орын алып жатқан оқиғалар шын мәнінде АҚШ-тың Иранның исламдық жүйесімен қарсылығының жалғасуы»,- деп мәлімдеді.
Аятолла Хаменеи сонымен бірге Палестинаның Исламдық жиһад қозғалысы Бас хатшысының Ливанның Хизболласына қарсы қысым көрсетуге қатысты кейбір әрекеттер туралы сөздеріне сілтеме жасап: «Ливанның Хизболласы бұл әрекеттер оған нұқсан келтіретін деңгейден күштірек. Бүгінде сионистік режим Хизболладан бұрынғыға қарағанда көбірек қорқады»,- деп ескертті.