Иордан өзенінің батыс жағалауында болған қақтығыстарда ондаған палестиналық жарақат алды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i66762-Иордан_өзенінің_батыс_жағалауында_болған_қақтығыстарда_ондаған_палестиналық_жарақат_алды
Иордан өзенінің батыс жағалауында сионистік әскерилермен қақтығыс кезінде ондаған палестиналық жараланды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 07, 2023 15:06 Asia/Almaty
  • Иордан өзенінің батыс жағалауында болған қақтығыстарда ондаған палестиналық жарақат алды

Иордан өзенінің батыс жағалауында сионистік әскерилермен қақтығыс кезінде ондаған палестиналық жараланды.

Палестина ақпарат орталығының мәліметі бойынша, Иордан өзенінің батыс жағалауында тұратын ондаған палестиналық жұма күні сионистік режимнің қалашық салуына наразылық білдіріп, шеруге шықты. Шеру сионистік әскерилердің араласуымен зорлық-зомбылыққа ұласты. Израиль басқыншы күштерінің жұма күні палестиналықтардың шеруіне жасаған шабуылында ондаған адам оқтан жараланды немесе көзден жас ағызатын газбен тұншықты.