Башар Асад түрік басшыларымен кездесуді басқыншылықтың аяқталуымен байланыстырды
Сирия Президенті: «Түрік басшыларымен кез келген кездесудің нәтижелі болуының қажеттілігі – басқыншылықтың аяқталуы және терроризмді қолдаудың тоқтатылуы»,- деді.
Сирияның ресми ақпарат агенттігінің (SANA) хабарлауынша, «Башар Асад» бейсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путиннің арнайы өкілі Александр Лаврентьевпен кездесуінде Мәскеу-Дамаск стратегиялық қарым-қатынастары мен оны жақсарту механизмдері талқылады. Кездесуде аймақтық және халықаралық жағдай да қарастырылды. Башар Асад: «Саяси және БАҚ соғысы дәл қазір ең қызу соғыс болып табылады және бұл мәселе саяси ұстанымдарда көбірек айқындық пен тұрақтылықты талап етеді. Сондықтан Сирия Ресейдің Донбасстағы арнайы әскери операцияларын қолдайды»,- деп мәлімдеді. Лаврентьев АҚШ пен одақтастарының қысымына қарамастан Ресей мен Сирияны оқшаулай алмағанына тоқталып, әлемдегі қарқынды өзгерісті барынша пайдалану керектігін қуаттады.