Башар Асад түрік басшыларымен кездесуді басқыншылықтың аяқталуымен байланыстырды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i66892-Башар_Асад_түрік_басшыларымен_кездесуді_басқыншылықтың_аяқталуымен_байланыстырды
Сирия Президенті: «Түрік басшыларымен кез келген кездесудің нәтижелі болуының қажеттілігі – басқыншылықтың аяқталуы және терроризмді қолдаудың тоқтатылуы»,- деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 13, 2023 10:24 Asia/Almaty
  • Башар Асад түрік басшыларымен кездесуді басқыншылықтың аяқталуымен байланыстырды

Сирия Президенті: «Түрік басшыларымен кез келген кездесудің нәтижелі болуының қажеттілігі – басқыншылықтың аяқталуы және терроризмді қолдаудың тоқтатылуы»,- деді.

Сирияның ресми ақпарат агенттігінің (SANA) хабарлауынша, «Башар Асад» бейсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путиннің арнайы өкілі  Александр Лаврентьевпен  кездесуінде Мәскеу-Дамаск стратегиялық қарым-қатынастары мен оны жақсарту механизмдері талқылады. Кездесуде аймақтық және халықаралық жағдай да қарастырылды. Башар Асад: «Саяси және БАҚ соғысы дәл қазір ең қызу соғыс болып табылады және бұл мәселе саяси ұстанымдарда көбірек айқындық пен тұрақтылықты талап етеді. Сондықтан Сирия Ресейдің Донбасстағы арнайы әскери операцияларын қолдайды»,- деп мәлімдеді. Лаврентьев АҚШ пен одақтастарының қысымына қарамастан Ресей мен Сирияны оқшаулай алмағанына тоқталып, әлемдегі қарқынды өзгерісті барынша пайдалану керектігін қуаттады.