«Темір күмбез» және сионистік сарбаздар арасында қатерлі ісік ауруының таралуы
Сионистік режимнің кейбір ғалымдары: ««Темір күмбез» жүйесімен және басқа да әуе қорғаныс жүйелерімен жұмыс істейтін сарбаздар басқаларға қарағанда қатерлі ісікке көбірек шалдығады»,- дейді.
Al-Quds Al-Arabi газетінің дүйсенбі күнгі хабарлауынша, Құдстегі еврей университетінің зерттеушілері: «Әуе қорғанысы жүйелерімен, әсіресе «Темір күмбезде» жұмыс істейтін сарбаздар радарлар мен қауіпті электронды жүйелердің радиациясына жақын болғандықтан, басып алынған аумақтың басқа тұрғындарына қарағанда қатерлі ісікке шалдығу ықтималдығы сегіз есе жоғары»,- деп жариялады. Бұл мәселе екі жыл бұрын бұқаралық ақпарат құралдарының назарына түскен болатын. Yediot Aharonot газеті «Темір күмбез» жүйесімен жұмыс істеген бірнеше Израиль әскерінің қызметі аяқталғаннан кейін қатерлі ісік ауруына шалдыққанын жазған.