Түркияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Сирияға әскери араласуға қатысты ескерту жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i670-Түркияның_бұрынғы_Сыртқы_істер_министрі_Сирияға_әскери_араласуға_қатысты_ескерту_жасады
Түркияның бұрынғы Сыртқы істер министрі осы ел егер Сирияға әскермен араласса, Сириямен соғысу барысында Ресей армиясының демеушілігімен өз жерінің бір бөлігінен айрылып қалуы мүмкін деп ескерту жасады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 13, 2016 20:58 Asia/Almaty
  • Түркияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Сирияға әскери араласуға қатысты ескерту жасады

Түркияның бұрынғы Сыртқы істер министрі осы ел егер Сирияға әскермен араласса, Сириямен соғысу барысында Ресей армиясының демеушілігімен өз жерінің бір бөлігінен айрылып қалуы мүмкін деп ескерту жасады.

Түркияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Түркияға Сирияға әскермен араласқан жағдайда соғыс барысында Ресей армиясының Сирияға көрсететін демеушілігінің салдарынан өз жерінің бір бөлігінен айрылып қалу ықтималына қатысты ескерту жасады.

Түркияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Яшар Якиш «Today's Zaman» газетіне берген сұхбатында: «Анкара өз жасақшыларын қорғау үшін Сирияда Азаз бен Джераблус арасындағы аймақты басып алуды көздеуі мүмкін, бірақ Түркия өзінің Хатай облысынан айрылып қалуы мүмкін.

Халықаралық қоғамдастық Түркия тарапынан мұндай әскери шараны күтпейді. Мұнымен қатар, егер Түркия армиясы жеңіліп қалса, Сирия қайтадан Хатай облысын өзінікі деп уәж айтуы ықтимал.

Егер Түркия Сирияға араласса, Түркия армиясы ресейлік күштердің араласуымен бетпе-бет келеді, өйткені өзінің қырғи ұшағы Түркия тарапынан Сирияда құлатылғаннан кейін Мәскеу Анкараны жазалау үшін сылтау іздеп отыр» деді.

Сирия Хатай облысының 1939 жылы Түркияға қосылуын ешқашан ресми деп таныған емес.