Сирия мен Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны сегіз мыңға жетті
Түркия мен Сирия билігі соңғы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 7 900-ден астам және жараланғандар саны 40 000-нан асқанын жариялады. Екі елдің бұқаралық ақпарат құралдары бұл санның айтарлықтай артуы мүмкін екенін хабарлады.
Iran Press-тің хабарлауынша, Түркия вице-президенті Фуад Октай сейсенбі күні кешке: «Қыстың суық ауа райында іздеу жұмыстарының жалғасуымен бұл елде қаза тапқандар саны 5894 және жарақат алғандардың саны 34810 адамға жетті»,- деді.
Сирияда мемлекеттік SANA ақпарат агенттігі: «Үкімет бақылауындағы аймақтарда кем дегенде 812 адам қаза тауып, 1449 адам жарақат алды»,- деп хабарлады. Ақ қалпақтар ұйымы да үкіметтік қарсыластардың бақылауындағы аймақтардың статистикасын, кем дегенде 1220 қаза тапты және 2600 жараланды, деп жариялады.