Басып алынған Палестина жерлерінің қалаларында Нетаньяхуға қарсы жаппай шерулер өтіп жатыр
https://itolqyn.com/news/west_asia-i67648-Басып_алынған_Палестина_жерлерінің_қалаларында_Нетаньяхуға_қарсы_жаппай_шерулер_өтіп_жатыр
Сионистер басып алынған Палестинаның әртүрлі қалаларында шерулер өткізіп, сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың отставкаға кетуін талап етті.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Ақп 14, 2023 13:50 Asia/Almaty

Сионистер басып алынған Палестинаның әртүрлі қалаларында шерулер өткізіп, сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың отставкаға кетуін талап етті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, басып алынған Палестинаның әртүрлі қалаларындағы шерушілер оның министрлер кабинетінің сот реформасы деп аталатын жоспарына қарсы екендіктерін және бұл жоспардың Израиль режимінің Жоғарғы сотының билігін шектейтінін мәлімдеді. Кеше, дүйсенбі күні таңертең мыңдаған израильдік Кнессеталдына жиналып, министрлер кабинетінің осы режимнің сот құрылымына ауқымды өзгерістер енгізу жоспарына наразылық білдірді.

Айта кететін жәйт, Нетаньяху жоспарында сионистік режимнің сот жүйесін әлсірету арқылы бұл режимнің министрлер кабинеті мен саяси партиялары партия мүшелері мен саясаткерлерді тағайындау және қазылардың осы комитетке мүше болуына жол бермеу арқылы сионистік режимнің соттарындағы қазыларды іріктеу комиссиясын бақылау мүмкіндігіне ие болады.