Абдулмалек әл-Хоуси: АҚШ пен оның одақтастары елдердің егемендігін бұзады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i67744-Абдулмалек_әл_Хоуси_АҚШ_пен_оның_одақтастары_елдердің_егемендігін_бұзады
Йеменнің Ансаролла қозғалысының жетекшісі: «Америкалықтар мен олардың одақтастары елдердің егемендігін бұзады және олардың елшілері кез келген мәселеге араласады»,- деп баса айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 18, 2023 11:48 Asia/Almaty

Йеменнің Ансаролла қозғалысының жетекшісі: «Америкалықтар мен олардың одақтастары елдердің егемендігін бұзады және олардың елшілері кез келген мәселеге араласады»,- деп баса айтты.

Iran Press  ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Абдулмалек әл-Хоуси Йемендік Ансарулла қозғалысының негізін қалаушы Сейд Хусейн бен Бадр ад-Дин әл-Хоусидің  шәһид болған күнінің жылдығында сөйлеген сөзінде тәкфиршіл топтарды  АҚШ, Израиль режимі және Батыс елдері құрған деп тауып: «Саяси дағдарыстар тудыру арқылы дұшпандар бұл дағдарыстарды пайдаланып, халықтарды басып алып, құрылыс пен даму жолынан алшақтатады. Америкалықтар экономикалық блокадалар, ауруларды тарату және ашаршылыққа ұшырату арқылы халықтарды қырып тастауға әрекеттенді. Олар қару-жарақ шығаратын компаниялар пайда табу үшін көптеген соғыстар мен бүліктердің және қылмыстардың себебі болып табылады. Америкалықтар мен олардың жалдамалылары бостандық пен тәуелсіздік саласындағы халықтар құқықтарын бұзуға жауапты. Палестина айқын мысал»,- деп мәлімдеді.