Саудиялық «Бен Ладен» компаниясының 50 мың жұмысшысы мен қызметкері жұмыстан шығарылды
Саудиялық «Бен Ладен» компаниясы шамамен 50 мың жұмысшысы мен қызметкерін жұмыстан шығарды.
ИРНА- ның хабарлауынша, бірнеше ай бойы өздерінің айлық жалақыларының төленбеуіне наразылық танытып отырған жұмыстан шығарылған жұмысшылар осы компанияға тиесілі кейбір нысандар мен автобустарды өртеген.
Осы компания өткен жылы да Меккедегі «әл- Харам» мешітінің ауласында кран құлап, жүз шақты адамның өліміне себеп болған соң 15 мың жұмысшысын жұмыстан шығарған болатын.
Сарапшылардың айтуы бойынша, Саудия режимі бүкіл әлемдегі әсіресе Сирия, Ирак және Ливиядағы тәкфирлік лаңкестерге қомақты қаржымен көмек көрсетіп, Йеменге қарсы жойқын соғыс ашып, соңғы бір жыл ішінде мұнай бағасының төмендеуімен бір мезгілде бірнеше млрд доллар шығын жұмсауы салдарынан экономикалық және әлеуметтік дағдарыс кезеңіне тап болып отыр.