Иордан өзенінің батыс жағалауында бірқатар сионистер қаза тауып, жараланды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i68002-Иордан_өзенінің_батыс_жағалауында_бірқатар_сионистер_қаза_тауып_жараланды
Палестиналықтардың Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Дженин, Рамалла, Наблус және Иерихон қалаларындағы антисионистік операцияларында бір сионистің қаза тауып, бірнешеуі жараланды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 28, 2023 14:37 Asia/Almaty

Палестиналықтардың Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Дженин, Рамалла, Наблус және Иерихон қалаларындағы антисионистік операцияларында бір сионистің қаза тауып, бірнешеуі жараланды.

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, дүйсенбі күні кешке премьер-министр Биньямин Нетаньяху палестиналықтарға қарсы темір жұдырық қолдану туралы сөз сөйлеген уақытта Иерихонда палестиналықтардың ату операциясында бір сионис қаза тауып, басқа бірнешеуі  жараланды.

Палестиналық жастар  дүйсенбі  түнде Наблус қаласында сионистік автобусты өртеп жіберді. Сонымен бірге жергілікті палестиналық ақпарат көздері Наблустың оңтүстігіндегі Хавара қаласындағы бақылау-өткізу пунктінің қарсыласу күресшілерінің нысанасына алынғанын, нәтижесінде бір сионистің жараланғанын хабарлады.

Израильдік сарапшылар Иордан өзенінің батыс жағалауы қасиетті Рамазан айының келуімен күшейетін үлкен интифаданың алдында тұрғанын ескертті.