Палестинаның Исламдық жиһад қозғалысының Бас хатшысы Лариджанимен кездесті
(last modified Wed, 04 May 2016 10:16:42 GMT )
Maм 04, 2016 16:16 Asia/Almaty
  • Палестинаның Исламдық жиһад қозғалысының Бас хатшысы Лариджанимен кездесті

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы ИИР-ның интефазаның жалғасуы мен Палестина халқының қозғалысын қолдайтынын мәлімдеді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні Палестинаның Исламдық жиһад қозғалысының Бас хатшысы Рамазан Абдолламен Теһрандағы кездесуінде кейбір мемлекеттердің Палестина мәселесіне екіжүзді қатынас көрсетуіне тоқталып: «Бұл мемлекеттер сырт көзге Палестинаға көмек көрсеткен болып көрінеді, бірақ көбінесе бұл жол арқылы өздерінің абыройлары мен рейтингтерін көтеруді көздейді. Интефаза Палестина халқы үшін маңызды фактор. Палестина халқының жанкештілігі нәтижеге жетеді»,- деп қуаттады.

Палестинаның Исламдық жиһад қозғалысының Бас хатшысы да «Ливан Хизболласы мен Палестина халқының Иранға әрқашан өздері мен интефазаны қолдап келе жатқаны үшін алғыс айтады. Бұл интефаза Палестина халқының шынайы жігермен елінің туын ұрпақтан ұрпаққа тапсыратынын көрсетеді»,- деп қуаттады. Палестинаның Исламдық жиһад қозғалысының Бас хатшысы әл-Ақса мешітінің Палестина халқы үшін маңызды екендігін қуаттап: «Палестиналық жастар Израильмен күресуде. Сионистік режим Ливан Хизболласымен соғысудың оңай емес екенін және көптеген шығынды қажет ететінін жақсы біледі»,- деп мәлімдеді.