Ирактың халықтық ерікті күштері Сауд Арабиясына ескерту жасады
(last modified Sat, 13 Feb 2016 15:53:26 GMT )
Ақп 13, 2016 21:53 Asia/Almaty
  • Ирактың халықтық ерікті күштері Сауд Арабиясына ескерту жасады

Ирактың халықтық ерікті күштерінің қолбасшылығы Сауд Арабиясына шапқыншылық жасау ниетімен Ирак жеріне жақындаған жағдайда осы елді Саудия күштерінің көріне айналдыратындықтарын айтып, ескерту жасады.

Ирактың халықтық ерікті күштерінің ақпарат хатшысы Ахмад әл- Асади саудиялық шапқыншылардың Йеменде көздерінің жойылатындығын айтып: "Ирактықтар бұдан бұрын да талай рет Сауд Арабиясы мен оның демеушілерінің астыртын және арандатушылық әрекеттеріне куә болған, бірақ қазіргі жағдайда, егер олар Ирак жеріне шабуыл жасайтын болса шапқыншыларға үзілді- кесілді жауап қайтарылады" деді. Ирак Парламентінің қауіпсіздік және қорғаныс комиссиясы да Сауд Арабиясы қарулы күштерінің Ирак шекараларының маңында жаттығу өткізуіне қатысты ескерту жасады.