Нетаньяхудың ондаған қарсыластары басып алынған аумақтарда қамауға алынды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i68526-Нетаньяхудың_ондаған_қарсыластары_басып_алынған_аумақтарда_қамауға_алынды
Сионистік ақпарат құралдары бейсенбі күні түнде басып алынған жерлердің әртүрлі қалаларында Нетаньяхуды қолдайтын даулы заңның қабылдануына қарсы демонстрацияға шыққан 100 ереуілшінің қамауға алынғанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 24, 2023 11:07 Asia/Almaty
  • Нетаньяхудың ондаған қарсыластары  басып алынған аумақтарда қамауға алынды

Сионистік ақпарат құралдары бейсенбі күні түнде басып алынған жерлердің әртүрлі қалаларында Нетаньяхуды қолдайтын даулы заңның қабылдануына қарсы демонстрацияға шыққан 100 ереуілшінің қамауға алынғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, наразылық акциясына қатысушылардың қамауға алынуы басып алынған аумақтардан Тель-Авивтегі мыңдаған израильдік наразылық білдірушілер діндар еврейлер тұратын Бней Брак қаласына қарай жылжығаны туралы хабар жеткен уақытта болып отыр. Басқа жақтан хабарларда ашулы шерушілердің сот жүйесін реформалау жоспарына наразылық ретінде Тель-Авивтегі  Дизенгофф  көшесін жауып тастағаны айтылды.

Бейсенбі күні сионистік режимнің Кнессеті «режимнің негізгі заңына» өзгертулер жобасын мақұлдады, бұл премьер-министрді қызметінен алып тастауға және оның өз міндеттерін орындауға қабілетсіздігін жариялауға жол бермейді. Аталған заң сыбайлас жемқорлық және сенімге опасыздық жасады деп айыпталған сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға қолсұқпаушылық береді.