Нау 26, 2023 18:21 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-тың Сирияның Дейр-эз-Зор қаласына жасаған шабуылын айыптады

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ армиясының Сирияның Дейр-эз-Зор қаласындағы бейбіт нысандарға жасаған лаңкестік шабуылын айыптады.

IRNA-ның хабарлауы бойынша, Насер Канани сенбі күні АҚШ-тың заңсыз әскери орналасуын жалғастыру және Сирияның бір бөлігін басып алу және осы елдегі әртүрлі нысандарға шабуыл жасау халықаралық заңдар мен осы елдің ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзу болып табылатынын қуаттады. Канани сионистік режимнің тұрақсыздандыратын әрекеттері мен АҚШ-тың бұл әрекеттерге үнсіз қалуы немесе осы жалған режиммен серіктестігіне тоқталып: «АҚШ-тың өзі оның құрылуында басты рөл атқарған ДАИШ-пен күресу үшін Сирияда болуын талап етуі  Сирияның ұлттық байлығын, соның ішінде энергетикалық ресурстары мен астықтарын басып алу мен тонауды жалғастыру үшін сылтау ғана»,- деді.

Тегтер