Әл-Хоуси: АҚШ Йемен мұнайын бақылауға ұмтылуда
(last modified Sun, 26 Mar 2023 12:31:33 GMT )
Нау 26, 2023 18:31 Asia/Almaty
  • Әл-Хоуси: АҚШ Йемен мұнайын бақылауға ұмтылуда

Йеменнің «Ансаролла» қозғалысының бас хатшысы АҚШ-тың Йеменді басып алып, мұнай байлығына өз құралдары арқылы үстемдік етуге тырысатынын баса айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сейіт Абдул Малик Бадр ад-Дин әл-Хоуси Вашингтонның Йеменге қарсы агрессиясының басталғаны туралы хабарлауы Американың осы басқыншылықтардағы рөлінің сипатын ашқанын баса айтты. Ол: «Қоршауға алу елімізге қарсы соғыстың негізгі бөлігі болып табылады және Йемен халқын ұлттық байлық құқығынан айыру да басқыншылықтың бір бөлігі және бұл қабылданбайды»,- деді. Әл-Хоуси елдің ішінде бүлік шығару мен елдің қауіпсіздігін нысанаға алудың Сауд Арабиясы коалициясының агрессиясының бір бөлігі екеніне тоқталып: «Мен Сауд Арабиясы мен БАӘ-ге АҚШ-тың пайдасына осы агрессияны жалғастырмауға және өз мүдделерін ойлауға және тұтқындар туралы келісімге қол жеткізуге және блокаданы алып тастау туралы кеңес беремін»,- деді.