Амир Абдуллахиан: Оман – Иранның сенімді досы әрі тату көршісі
Нау 31, 2023 17:56 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі: "Оман – Иранның сенімді досы әрі тату көршісі. Екі елдің қарым-қатынасы одан ары нығаятын болады",-деді.
Амир Абдуллахиан Оман Сыртқы істер министрі Бадр бен Хамд әл-Бусаидимен телефон арқылы сөйлесіп, Теһран мен Маскаттың қарым-қатынасы, маңызды аймақтық және халықаралық мәселелер туралы пікір алмасты.
Иран Сыртқы істер министрі: "Оман – Иран үшін әрдайым сенімді дос әрі тату көрші болып отыр. Екі елдің қарым-қатынасы Оман сұлтаны Хисам бен Тарақ әл-Саидтың Теһранға сапарынан кейін одан ары нығая түседі",-деді.
Оман Сыртқы істер министрі: "Аймақ елдері бір-бірімен әріптесе отырып, аймақты дамытудың ұзақ жолын қырқартатын болады",-деді.
Тегтер