Бүгін басып алынған жерлерде тағы Нетаньяхуға қарсы наразылық акциясы өтті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i68900-Бүгін_басып_алынған_жерлерде_тағы_Нетаньяхуға_қарсы_наразылық_акциясы_өтті
Бүгін басып алынған жерлерде тағы сионистік режимнің Премьер-министрі кабинетінің сот реформасына қарсы наразылық акциясы өтті.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Сәу 08, 2023 21:54 Asia/Almaty
  • Бүгін басып алынған жерлерде тағы Нетаньяхуға қарсы наразылық акциясы өтті

Бүгін басып алынған жерлерде тағы сионистік режимнің Премьер-министрі кабинетінің сот реформасына қарсы наразылық акциясы өтті.

Басып алынған жерлердің тұрғындары "Конституция төңкерісі" деп атап кеткен сот заңына өзгеріс енгізу туралы жоба сионистік режимнің Министрлер кабинетінде текетірес туындап, Израильде халықтық наразылықтардың күшеюіне әкеліп соқтырды.

"Гаарец" газетінің хабарлауынша, 14 апта бойы халық Нетаньяхуның әсіре оңшыл кабинетінің жанжалды саясатына қарсылық ретінде көшеге шықты.

27 наурызда басып алынған Палестинада ауқымды наразылық акциясы өткеннен кейін ақпарат құралдары: "Израиль Премьер-министрі сот реформасын жазға қалдыруға келісті",-деп хабарлады. Алайда Нетаньяху бейсенбі күні кешке барлық қарсылықтарға қарамастан, сот реформасы туралы жобаның бекітілуін қадағалайтынын мәлімдеді.