Хасан Насролла: Артып келе жатқан ішкі алауыздық сионистік режимнің әлсіздігінің белгісі
https://itolqyn.com/news/west_asia-i69342-Хасан_Насролла_Артып_келе_жатқан_ішкі_алауыздық_сионистік_режимнің_әлсіздігінің_белгісі
Ливан Хизболласының Бас хатшысы: «Сионистік режимде ішкі алауыздықтар мен келіспеушіліктердің артуы – басқыншы Құдс режимінің әлсіздігінің белгілерінің бірі»,- деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 29, 2023 12:06 Asia/Almaty
  • Хасан Насролла: Артып келе жатқан ішкі алауыздық сионистік режимнің әлсіздігінің белгісі

Ливан Хизболласының Бас хатшысы: «Сионистік режимде ішкі алауыздықтар мен келіспеушіліктердің артуы – басқыншы Құдс режимінің әлсіздігінің белгілерінің бірі»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сейед Хасан Насралла жұма күні кешке Иран Сыртқы істер министрімен кездесуінде: «Бүгін дұшпандардың қысымына қарамастан Ливан мен Палестинадағы қарсыласу ең жақсы және күшті жағдайда және сионистік режим соңғы жылдардағы ең нашар және ең әлсіз жағдайда»,- деп мәлімдеді. Ол Иранның діни жетекшісі мен үкіметі және халқының аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатуға көмектесудегі ұстанымдарын жоғары бағалап: «Орын алған оқиғалармен аймақ халқын жарқын да жеңісті болашақ күтіп тұр»,- деп айтты.

Бұл кездесуде Хұсейн Амир Абдуллахиан Ливандағы Хезболла ұйымының бас хатшысына Иранның Украинадағы, Ауғанстандағы оқиғалар, Еуропадағы жағдай, Судан, Палестина, сондай-ақ Иранның Атом Қуаты Халықаралық Агенттігімен ынтымақтастығы және Иранның санкцияларды жою жолындағы ұстанымдары туралы хабардар етті.