Сионистердің Хомсқа жасаған шабуылында үш бейбіт тұрғын жараланды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i69344-Сионистердің_Хомсқа_жасаған_шабуылында_үш_бейбіт_тұрғын_жараланды
Сириялық әскери шенеунік сенбі күні таңертең Израильдің Хомс қаласына жасаған шабуылында үш бейбіт тұрғынның жараланғанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 29, 2023 12:08 Asia/Almaty

Сириялық әскери шенеунік сенбі күні таңертең Израильдің Хомс қаласына жасаған шабуылында үш бейбіт тұрғынның жараланғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирияның әскери қайраткері елдің ресми SANA ақпарат агенттігіне сенбі күні таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 00:50 шамасында израильдік жаудың  Ливан шекарасынан бірнеше зымыранмен Хомс қаласына шабуыл жасағанын және әскердің әуе қорғанысы шабуылдаушы зымырандарға тойтарыс беріп, олардың біразын жойғанын хабарлады. Аты аталмаған бұл әскери шенеунік бұл шабуылдың үш бейбіт тұрғынның жараланғанын және азаматтық жанармай құю бекетін өртегенін мәдімдеді. Бұдан бұрын SANA бұл жаңалықты растап, Сирия армиясының әуе қорғанысы Хомстағы сионистік зымырандарға қарсы тұрып, олардың бір бөлігін жойғанын хабарлады.