Йемен халқы Американың осы елдегі әскери құзырына қарсылық танытты
(last modified Sat, 07 May 2016 15:26:47 GMT )
Maм 07, 2016 21:26 Asia/Almaty
  • Йемен халқы Американың осы елдегі әскери құзырына қарсылық танытты

Йеменнің Ансаролла қозғалысының революциялық жоғары комитеті Йемен халқының Американың осы елдегі әскери құзырына қарсы екенін қуаттады.

Йеменнің Ансаролла қозғалысының революциялық жоғары комитеті мәлімдеме жариялап: «Йемен халқы, армиясы және халықтық күштері Американың өз еліндегі кез- келген әскери құзырына қарсы. Американың Йемендегі әскери құзыры ешбір сылтаумен қабылдауға келмейді» деп мәлімдеді.

Йеменнің революциялық жоғары комитеті мәлімдеменің жалғасында «Шапқыншылық пен қоршауды тоқтату және Йемен халқының тауқыметтерін шешіп, азаттық пен тәуелсіздік құқығын алу үшін Кувейтте саяси талпыныстар жасалып жатқан кезде америкалық әскерилердің елдің оңтүстігінде «әл-Анд» әуе базасына жасаған шапқыншылығына тап болдық» деп қуаттады.

Йемендік дереккөздері бұл жөнінде бір әскери ұшақтың бір топ шетелдік сарбаздармен Йеменнің оңтүстігіндегі «әл- Анд» базасына қонғанын хабарлады.

Ансаролла қозғалысының революциялық жоғары комитеті Американың Йеменге шапқыншылығын отаршылдық жобаның және осы елдің ішкі істеріне ұзақ мерзімді араласудың жалғасуы деп атап: «Йемен халқы көтерілісінің мақсаты ұлттық бостандық, егемендік, тәуелсіздікті жүзеге асыру және шетелдің кез- келген үстемшілдігі мен араласуынан құтылу» деп баса айтты.