Сионистік режим Газадағы жағдайды тыныштандыру үшін араағайынға жүгінуге мәжбүр болып отыр
Maм 11, 2023 20:14 Asia/Almaty
Палестина қарсыласу топтары сәрсенбі күні кешке сионистік режимнің Газадағы жағдайды тыныштандыру үшін араағайынға жүгінуге мәжбүр болғанын хабарлады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Палестина қарсыласу топтарының ортақ амалдар штабы Al-Mayadeen телеарнасына берген сұхбатында сионистік режиммен ұзақ мерзімді соғысқа дайын екенін, қажет болғанда зымырандық шабуылдардың аясын кеңейте алатынын мәлімдеді.
Басып алынған жерлерден келген жаңалықтар бойынша, Газа секторынан атылған зымыран салдарынан Палестинаның оңтүстігінде 16 сионист жараланған.
Израильдің Соғыс министрі Йоав Галант сәрсенбі күні кешке: "Газа секторынан басып алынған жерлерге 400 зымыран атылды",-деп мойындады.
Тегтер