Газа секторында "Палестина туы" атты шеру өтті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i69770-Газа_секторында_Палестина_туы_атты_шеру_өтті
Газа секторында тұратын палестиналықтар бүгін, бейсенбі күні Құдс қаласында басқыншы сионистік қалашық тұрғындарының арандатушы әрекетімен бір мезгілде "Палестина туы" атты шеру өткізді.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Maм 18, 2023 17:23 Asia/Almaty
  • Газа секторында

Газа секторында тұратын палестиналықтар бүгін, бейсенбі күні Құдс қаласында басқыншы сионистік қалашық тұрғындарының арандатушы әрекетімен бір мезгілде "Палестина туы" атты шеру өткізді.

Сионистер "Ту шеруі" атты күнмен бір мезгілде әл-Ақса мешітіне шабуылдарын жиілетті. Бұл осы мешітті яһудилендіру саясатының бір бөлігі саналады.

Басқыншы сионистер жыл сайын "Ту шеруі" күнінде Құдстың көне аудандары мен Баб-ул-Амудтан өтіп, әл-Ақса мешітінің ауласына жетіп, сол жерде "Тулар биі" атты бағдарлама орындайды. Сионистік қалашық тұрғындары осы арандатушы әрекет арқылы палестиналықтарды Құдстан қуып шығуды талап етеді.

"Палестина туы" атты шеру бүгін, бейсенбі басып алынған Құдста өтеді деп жоспарланған. Газа секторында тұратын мыңдаған палестиналық осы шеруге қатысып, Палестина туын желбірететін болады.

Бұл шеру палестиналықтардың қасиетті жерлерде табандап тұрғанын көрсетіп, сионистік қалашық тұрғындарының кез келген қылмыстарына қарсылық ретінде өтеді.