Атван: Тель-Авивтің Иранды қорқыту саясаты әрқашан сәтсіз болды
«Рай әль-Яум» газетінің бас редакторы Тель-Авивтің Иранға қоқан-лоққы жасау саясаты 20 жыл бойы қайталанып, әрқашан сәтсіздікке ұшырағанын баса айтты.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, араб әлемінің танымал сарапшысы және «Рай әль-Яум» интернет-газетінің бас редакторы Абдулбари Атван Тель-Авив кабинетінің Иранға қарсы ауызша қоқан-лоққыларының көбеюінің себептерін үрей мен қорқыныш деп атады және соңғы 20 жылдағыдай қауіп-қатер Теһран мен оның қарсыласу осіндегі одақтастарына ешқандай әсер етпейтінін баса айтты.
Атван әрі қарай былай деді: «Хезболла» қозғалысының құрлық күштерінің Ливанның оңтүстігінде, басып алынған Палестинаның солтүстік шекараларына жақын жерінде жасаған әскери маневрлері басқыншы режим, әсіресе оның әскери мекемелері қатарында бұрын-соңды болмаған алаңдаушылық тудырды".